Конрад Аденауэр қорының өкілімен кездесу
17.07.2026
Көріністер: 28
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында Институттың бас директоры А.К. Садвокасованың Конрад Аденауэр қорының Берлиндегі Азия және Тынық мұхиты өңірі департаментінің басшысы Кристиан Эхлемен кездесуі өтті.
Кристиан Эхле Қордың 21 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы қызметіне жетекшілік етеді, сондай-ақ Азия өңірінде жүзеге асырылып жатқан жеті өңірлік бағдарламаны үйлестіреді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның қазіргі даму кезеңін, Қазақстан–Германия қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Институт пен Конрад Аденауэр қоры арасындағы алдағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
А.К. Садвокасова қонаққа Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалар және Институтта орындалып жатқан өзекті ғылыми-зерттеу жобалары туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Кристиан Эхле Қордың қазіргі жобалары мен қызметінің басым бағыттары жөнінде мәлімет ұсынды. Тараптар кәсіби диалогты одан әрі дамытуға және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылық білдірді.