Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Иран Ислам Республикасы өкілдерімен кездесу
10.09.2026
Көріністер:  1

Иран Ислам Республикасы өкілдерімен кездесу
10 қыркүйекте ФСДИ қабырғасында ҚР-дағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени істер жөніндегі атташесі Мұхаммед Мәсуд Садеғи және Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмадимен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, соның ішінде академиялық алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, ғылыми іс-шаралар өткізу және Қазақстан мен Иранның академиялық мекемелері арасындағы өзара байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында Тегеран университетімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі - 2025 жылғы 14 қазанда Философия, саясаттану және дінтану институты мен Тегеран университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Кездесуге қатысушылар алдағы өзара іс-қимылды дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтіп, Қазақстан мен Иран арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтуға, зерттеушілер мен жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға дайын екендерін білдірді.


← Тізімге қайту