Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Шетелдік зерттеуші маманмен кездесу
25.11.2025
Көріністер:  446

Шетелдік зерттеуші маманмен кездесу
2025 жылғы 25 қарашада ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығында кезекті кездесулер аясында Америка Құрама Штаттарының Канзас университетінің профессоры Джонатан Макхонимен сұхбат өтті.

Кездесу барысында шетелдік маман өз ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстырып, білім мен ғылым жолындағы кәсіби тәжірибесі туралы құнды мәліметтермен бөлісті.

Институттың бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, профессор Наталья Сейтахметова шетелдік қонаққа Институтта жарық көретін «Адам әлемі» және «Әл-Фараби» ғылыми журналдары туралы ақпарат беріп, аталған басылымдарға мақала жариялау жөнінде ұсыныс білдірді.

Кездесу барысында гуманитарлық саладағы зерттеулерде дискурстық талдау мен компаративистік әдістерді қолдану мәселелері қозғалып, мазмұнды пікір алмасумен қорытындыланды.


← Тізімге қайту