6 қараша күні Вашингтонда өтетін «C5+1» саммиті Орталық Азия әлемдік саясат сахнасына қарқынды шығып келе жатқанын көрсетеді.
ФСДИ Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі Рүстем Мұстафин Kazinform тілшісіне берген сұхбатында осындай пайым айтты.
- «C5+1» саммитінің бұл кезеңі Қазақстан мен Орталық Азияға, АҚШ-қа несімен маңызды деп ойлайсыз?
- 6 қараша күні Вашингтонда өтетін алдағы саммиттің маңызы символикалық сипатпен шектелмейді. Бұл Орталық Азия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың дипломатиялық жалғасы ғана емес.
Мысалы, Джо Байден кезінде Нью-Йоркте өткен кездесудің декларативті, тіпті академиялық сипаты басым болса, бұл жолы Дональд Трамп нақты, прагматикалық және тікелей транзакциялық бетбұрысқа дайын екенін аңғартып үлгерді. Вашингтон қазір Орталық Азия туралы демократия немесе тұрақты даму тұрғысынан ғана емес, нақты мәмілелер, ресурстар, маршруттар мен алыс-беріс тұрғысынан сөйлей бастады.
kaz.inform.kz