Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Дінтанулық зерттеулер орталығының отырысы
09.12.2025
Көріністер:  456

Дінтанулық зерттеулер орталығының отырысы
9 желтоқсанда ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығында жыл соңына дейінгі дінтанулық зерттеу жұмыстарының орындалу деңгейі, негізгі нәтижелері және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттері қарастырылған кеңейтілген жұмыс жиналысы өтті. Кездесу барысында орталықтың ағымдағы ғылыми жобаларының жүзеге асырылу барысы, олардың практикалық маңызы, сонымен бірге ғылыми талдамалық өнімдердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиналысқа орталықтың бас ғылыми қызметкерлері – Анатолий Косиченко, Елена Бурова, Наталья Сейтахметова және Бахытжан Сатершинов сөз сөйлеп, әрбір сарапшы өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы қысқаша есеп беріп қана қоймай, келесі жылы өткізу жоспарланған дінтанулық әдістемелік семинарлардың мазмұны, құрылымы және мақсатты аудиториясы бойынша терең ұсыныстарын ортаға салды.

Ғалымдар семинарлардың тақырыптық желісін қалыптастыруда қазіргі діни ахуалдың өзгерістері, зерттеу әдістерінің жаңаруы, қоғамның ақпараттық сұранысы және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру қажеттілігін ескеру керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, семинарлар күнтізбесін жүйелі түрде құрастыру, тақырыптардың бір-бірімен өзара сабақтастығын қамтамасыз ету, практикалық кейстерді көбейту және өңірлік ерекшеліктерді ескеру жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.


← Тізімге қайту