Алтын Орда тарихындағы әйелдер: билік, дипломатия және мәдениет»
22.07.2026
Көріністер: 3
2026 жылғы 22 шілдеде ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры А.К. Садвокасова, бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.Е. Джаманбалаева және Әлемдік және қазақ философиясы орталығының ғылыми қызметкерлері «Алтын Орда тарихындағы әйелдер: билік, дипломатия және мәдениет» тақырыбындағы ғылыми дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Іс-шараны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде Алтын Орда дәуіріндегі әйелдердің саяси, дипломатиялық, мәдени және рухани өмірдегі рөлі, сондай-ақ ортағасырлық Еуразия мемлекеттеріндегі әйелдер көшбасшылығын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шараға жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының мүшелері қатысты. Қатысушылар ғылыми пікір алмасып, тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше назар аударды.