Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

I Жазғы мектеп
I Жазғы мектеп

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушылары мен жас ғалымдарды 2026 жылғы 8-12 маусым аралығында өтетін «Әлеуметтік теориялардан басқарылатын деректерге дейін: Social Science* Digital* Policy бағытындағы гибридті құзыреттерді қалыптастыру» атты I Жазғы мектепке қатысуға шақырады.

Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер трансформация кезеңін бастан өткеруде: теориялық тәсілдер барған сайын эмпирикалық верификацияны талап етеді, ал цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект деректерді талдаудың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Бұл жағдайда теориялық дайындықты, цифрлық дағдыларды және қолданбалы талдауды ұштастыратын гибридті құзыреттер ерекше маңызға ие.

Жазғы мектеп пәнаралық ойлау қабілетін және зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ теориялық идеяларды халықаралық академиялық стандарттарға сай валидті ғылыми нәтижелерге айналдыруға мүмкіндік беретін құралдарды меңгеруге бағытталған. Бағдарлама аясында жасанды интеллектті қоса алғанда, деректерді өңдеудің заманауи әдістерін әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерде қолдануға ерекше назар аударылады.

Бағдарлама негізгі бағыттарды қамтиды: заманауи зерттеу әдіснамалары мен цифрлық құралдар (мәтіндерді автоматтандырылған талдау, желілік модельдеу элементтері, жасанды интеллектті қолдану), визуалды мәдениет және киноны ғылыми аргументация формасы ретінде қарастыратын воркшоп, сондай-ақ философия, саясаттану және дінтанудың іргелі және қолданбалы аспектілері - саяси үдерістерді талдаудан бастап әлеуметтік трансформацияларды пайымдауға дейін.

Жазғы мектеп белсенді академиялық диалог алаңы ретінде қарастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, ғылыми коммуникация дағдыларын дамытып, кәсіби қауымдастыққа ену мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде әр қатысушы өз ғылыми нәтижесін - зерттеу ұсынысын (Research Proposal) немесе ғылыми мақала нұсқасын дайындайды.

Қатысу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға ресми сертификат беріледі, зерттеу және цифрлық құзыреттері артады, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және командалық жұмыс дағдылары нығаяды. Белсенді қатысушылар Институттың ғылыми жобалары мен тағылымдамаларына тартылуы ықтимал.

Жазғы мектеп - теория мен деректер тоғысатын, ал гуманитарлық білім цифрлық технологиялармен ұштасатын алаң.

Жазғы мектепке әлеуметтік ғылымдар, цифрлық технологиялар және деректерді талдау тоғысындағы заманауи пәнаралық зерттеулерге қызығушылық танытатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.

Ұйымдастырушы: Философия, саясаттану және дінтану институты

Жазғы мектепке қатысу үшін 2026 жылғы 1 маусымды дейін https://forms.gle/9EtLDCPLnmcmcGBn6 сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
Байланыс нөмірі: +7 (707)112 84 24